«Реал Мадрид» Алматыға әкелетін құрамын жариялады

28.09.2025, 16:05

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі бойынша 2-турда Алматы төрінде доп тебетін «Реал Мадрид» ұжымы бүгін жолға шығады

«Реал Мадрид» Алматыға әкелетін құрамын жариялады

Тізімге Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор және Джуд Беллингем бастаған команданың барлық басты жұлдыздары енді. Сондай-ақ өтінімге жас таланттар Эндрик пен Мастантуоно қосылды.

«Реалдың» «Қайратқа» қарсы ойынына арналған құрамы:
Қақпашылар: Куртуа, Лунин, Хави Наварро.
Қорғаушылар: Алаба, Асенсио, А. Каррерас, Фран Гарсия, Хейсен, Давид Хименес.
Жартылай қорғаушылар: Беллингем, Камавинга, Вальверде, Чуамени, Арда Гюлер, Себальос.
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Мбаппе, Родриго, Гонсало, Браим, Мастантуоно.

Еске сала кетейік, «Қайрат» - «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×