“Реал Мадрид” “Алтын доптан” тағы да бас тарта ма?

10.09.2025, 12:00

Мадридтің "Реалы" беделді "Алтын доп" марапатының ұйымдастырушыларымен әлі де ортақ тіл таба алмай отыр. Бұл жағдай олардың 2025 жылғы салтанатты рәсіміне қатысу-қатыспауына күмән туғызуда.

“Реал Мадрид” “Алтын доптан” тағы да бас тарта ма?

Испандық Marca басылымының мәліметінше, даудың негізгі себебі Винисиус Жуниордың өткен жылғы “Алтын допты” иеленбеуі. Көпшілік Бразилиялықты басты фаворит санаса да, ол небәрі 41 ұпай айырмасымен "Манчестер Сити” жартылай қорғаушысы Родриден қалып қойып, екінші орын алған. Мұнымен келіспеген "Реал” Париждегі марапаттау рәсіміне мүлде бармай, Винисиустың да, Карло Анчелоттидің де, сондай-ақ Карвахаль, Беллингем және Вальверденің сапарын тоқтатқан еді.

Одан кейін France Football ұйымдастырушылары Мадридке арнайы делегация жіберіп, арадағы қатынасты түзетуге тырысқан. Бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

Даудың түп-төркіні тек Винисиустың әділетсіздігі ғана емес. "Реал Мадрид" марапаттың жаңа жүйесіне, бағалау ережелеріне және УЕФА-ның ұйымдастыруға араласуына күмән келтіруде. Ал Мадрид пен УЕФА арасындағы қарым-қатынас бұған дейін де шиеленісті болғаны белгілі.

Тарихта "Алтын допты” ең көп иеленген клуб та "Реал Мадрид”. Оның сапындағы Ди Стефано, Луиш Фигу, Роналдо, Криштиану Роналду, Лука Модрич және Карим Бензема сынды аңыздар бұл марапатты 12 рет жеңіп алған. Сондықтан қазіргі қақтығыс марапаттың беделіне көлеңке түсіріп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×