«Реал» Мадрид – «Арсенал», «Интер» - «Бавария» кездесуіне болжам

16.04.2025, 14:30

«Реал» Мадрид – «Арсенал»

«Реал» Мадрид – «Арсенал»,  «Интер» - «Бавария» кездесуіне болжам
"Бавария" - "Интер" кездесуі

Мадридтік клубқа бүгін өте қиын болады – апта бұрын Лондонда жіберген 3 голдың есесін қайтару керек. Мұндай ситуацияда испаниялық команда жалғыз рет жеңімпаз шығыпты – 1976-жылы «Дерби Каунти» командасынан бірінші кездесуде 3 гол жіберіп, қос ойын қортындысында келесі кезеңге өте алды. Ал бұл жолы қалай болар екен?..

Карло Анчелоттидің командасы «Арсеналмен» ойыннан кейін Примерада «Алавесті» 1:0-мен тізе бүктірді. Қазір турнирлік кестеде «Барселонадан» 4 ұпай қалып, екінші сатыда тұр. Ал «Атлетикодан» 3 ұпайы артық. Осыған қарағанда Испания чемпионатында да топ жаруы неғайбыл сияқты. Ал «Сантьяго Бернабеуде» жинақы ойнап, қарсыласты тұқыртпаса, ЧЛ-ны да сәтсіз аяқтауға жақын.

«Реал» Чемпиондар Лигасында өз алаңында өткізген соңғы 7 матчтың алтауын жеңіспен аяқтаған. Сондай-ақ, Анчелотти шәкірттерінің қатысуымен турнирдегі сегіз ойынның жетеуінде 3 голдан көп соғылып келген.

«Арсенал» ЧЛ плей-офф кезеңінде 3 голдық басымдықпен ешқашан жарыс жолынан шықпаған. Бүгін Микель Артета шәкірттері осы дәстүрді жалғастыруға ниетті. Жалпы, лондондық ұжым биылғы турнирде тұрақтылықпен есте қалуда – 11 матчтың біреуінде ғана жеңіліс тапқан (сырт алаңда Интерден 0:1) қалған ойындарда тиімді нәтижемен көзге түсуде.

АПЛ-де алты тур қалғанда «зеңбірекшілер» екінші келеді. «Ливерпульді» қуып жету мүмкін емес – арада 15 ұпайлық қашықтық бар. Ал үшінші «Ноттингем Форесттен» 6 ұпай алда келеді. Биыл «Арсенал» әдеттегідей премьер-лиганың күмісін еншілейтін секілді.

Біздің болжам – «Реал» Мадрид жеңіске жетеді. Қос ойын қортындысында кімнің жартылай финалға шығарын басып айта айту қиын, бірақ нақты осы ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталады деп есептейміз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұған 1.90 коэффициент беруде.

«Интер» - «Бавария»

Симоне Индзагидің командасы Мюнхендегі жетістіктің логикалық нүктесін қоюға тырысады. Бірақ букмекерлер бұл жұптың анық фаворитін дөп басып айта алмай отыр. Қалай дегенде де, бізді өте тартысты ойынның күтіп тұрғаны анық. Миландық клуб өткен демалыста «Кальяриді» ұтып (3:1) А Сериясындағы көшбасшылығын айқындай түсті. Өкшелеп келе жатқан «Наполиден» 3 ұпайы артық.

Жалпы, биыл миландықтар ЧЛ-да да жемісті өнер көрсетуде – негізгі кезеңде төртінші орынмен плей-оффқа шықты. Онда «Фейеноордтан» еш қиналмастан айласын асырып, ширек финалға алқынбай жетіп отыр (қос матчта 4:1). Миландық клубтың басты көрсеткіші қорғаныстағы ойыны – негізгі кезеңдегі 8 ойында 1-ақ доп жіберген.

Венсан Компани бірінші ойында өзінің италиялық әріптесінен тактикалық тұрғыда ұтылды десе де болады. Әйтпесе, «Бавария» біраз көрсеткіште басым болған – қарсыласты қыспаққа алып, жиі шабуылдады. Бірақ, миландық клуб өз дегенін істеп кетті. Мюнхендіктер биыл Бундеслиганы ұтатын секілді - «Байерден» 6 ұпай алда келеді. Өткен демалыста «Боруссиямен» ұпай бөліскен Компанидың командасы көш басындағы жағдайын нығайта түсті.

Біздің болжам – бұл бәсекенің бірінші таймының тоталы 1-ден көп болады. Fonbet.kz-те бұған 1.57 коэффициентімен бәс тігуге болады.         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×