“Реал Мадрид” “Арсеналға” қарсы ойын алдында маңызды ойыншысын қатарға қайтарады

07.04.2025, 19:00

"Мадридтік" командаға соңғы 24 сағат ішінде жарақаттарға байланысты жақсы жаңалық келіп түсті. Бұл олардың "Арсеналды" ұтуп Чэмпиондар лигасының жартылай финалға шығу мүмкіндігін арттыра түскендей.

“Реал Мадрид” “Арсеналға” қарсы ойын алдында маңызды ойыншысын қатарға қайтарады

Биылғы маусымда "Реал Мадрид” үшін жарақаттар өте көп болды, бірақ маусымның шешуші кезеңіне қарай жағдай біртіндеп қалыпқа келуде. Дегенмен, Эдер Милитао, Дани Карвахаль және Ферлан Менди сынды негізгі ойыншылар әлі де қатарға оралмаған. Сонымен қатар, Дани Себальос та ақпан айының соңында "Реал Сосьедадқа” қарсы ойында алған жарақатынан кейін алаңға шықпаған болатын.

Себальос сол кезде екі ай жасыл алаңға шыға алмайды деп күтілген, бұл дегеніміз ол "Арсеналға” қарсы матчтарға қатыса алмайды деген сөз еді. Дегенмен, Marca басылымының мәліметінше, ол бірінші ойынға қатыса алмағанымен, келесі аптада "Сантьяго Бернабеуде" өтетін жауапты кездесуде көрінуі мүмкін.

Ол бастапқы құрамнан орын ала қоймауы мүмкін, бірақ қажет болған жағдайда қосалқы құрамнан алаңға шығуы “Реал Мадрид" үшін үлкен артықшылық болмақ.

                                                 Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×