Реал Мадрид” эль-класико жеңімпазы болып шықты

Қазір ғана Примераның 10-турға жоспарланған ең тартысты кездесуі аяқталды.

Реал Мадрид” эль-класико жеңімпазы болып шықты

90 минут қорытындысы бойынша алаң қожайындары каталондықтарды 2:1 есебімен жеңді. Ойында Килиан Мбаппе хэт-трик жасауы мүмкін еді. Алайда алғашқы голында шабуылшы офсайдқа шығып кетіп, ереже бұзды. Алайда сол сәттең 10 минут өткен соң, француз ақыры дегеніне жетіп гол соқты. Үшінші мүмкіндігінде Килиан Барса қақпашысы Войцех Щенсыйдан айласын асыра алмады. Сөйтіп, бір голына қанағат қылды. Қарсылас тараптан Фермин Лопес бір нәтижелі әрекет тіркеп, есепті теңестіргенімен, Джуд Беллингем Сантьягода кімнің қожайын екенін еске түсірді. Қорытынды есеп: 2:1 - “Реал” пайдасына. 

Айтпақшы, ойын соңына қарай Ханси Флик командасына Педри екінші сары қағазын алып алаңнан қуылды. Жартылай қорғаушы енді өз командасының “Эльчеге” қарсы кездесуінен шет қалады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Реал Мадрид
Aladop Youtube
×