
Испандық танымал спорт журналисі Жозеп Педреролдың мәліметінше, "Реал Мадрид" алдағы сәрсенбі күні өтетін Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта ойынына ерекше дайындық жасауда. Клуб "Сантьяго Бернабеу" стадионында нағыз камбэк атмосферасын қалыптастырып, жанкүйерлердің қолдауымен тарихи жеңіске жетуді мақсат етіп отыр.
Бірінші ойында "Реал Мадрид” "Арсеналдан" 0:3 есебімен жеңіліп қалған. Дегенмен, команданың көшбасшылары Джуд Беллингем, Феде Вальверде, Винисиус Жуниор және Килиан Мбаппе ойыннан кейінгі киім ауыстыру бөлмесінде жігерлендіруші сөз сөйлеп, командаға күш берді.
"Реал Мадрид” бұған дейін де осындай қиын жағдайлардан шығып, керемет камбэктер жасаған тәжірибелі команда. Мысалы, 2022 жылы "Манчестер Ситиге" қарсы жартылай финалда соңғы минуттарда екі гол соғып, финалға жолдама алған болатын. Сол себепті, алдағы ойында да "Бернабеу" стадионында ерекше атмосфера қалыптастырып, жанкүйерлердің қолдауымен керемет нәтиже көрсетуге үміттеніп отыр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET