«Реал Мадрид» клубы Алматыға қашан келеді?

30.08.2025, 15:25

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің толық күнтізбесі жарияланды.

«Реал Мадрид» клубы Алматыға қашан келеді?

Өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан «Қайрат» клубының 8 қарсыласы белгілі болған еді. Олардың қатарында әйгілі «Реал Мадрид» та бар. Әлемнің ең қымбат клубы 30 қыркүйек күні Алматыға келеді.

Матчтар кестесі:

18 қыркүйек. «Спортинг» – «Қайрат»

30 қыркүйек. «Қайрат» – «Реал Мадрид»

21 қазан. «Қайрат» – «Пафос»

5 қараша. «Интер» – «Қайрат»

26 қараша. «Копенгаген» – «Қайрат»

9 желтоқсан. «Қайрат» – «Олимпиакос»

20 қаңтар. «Қайрат» – «Брюгге»

28 қаңтар. «Арсенал» – «Қайрат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×