Хаби Алонсо шәкірттері “Райо Вальеканодан” айласын асыра алмады.
“Кампо-де-Вальекас” стадионында болған ойында алаң қонақтары қарсылас қақпасына 21 соққы дарытты. Алайда онысынан еш нәтиже шықпай, таблодағы есеп сол-күйі 0:0 болып қалды.
Айта кетейік, бұл матчқа дейін “Реал” ішкі чемпионатта бірде-бір кездесуінде тең тарқаспаған. Бірақ бүгінгі ойын ол шектеу жойылды.
Хаби Алонсо командасы Ла Лиганың 12-турынан кейін 31 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Екінші орында 26 ұпайымен “Вильярреал” тұр. Ал үздік үштікті қоржынында 25 ұпайы бар Ханси Флик командаласы түйіндеп отыр.