"Реал Мадрид" - Ла Лигада 1700 ойында жеңіске жеткен жалғыз клуб

17.12.2019, 01:31
"Реал Мадрид" - Ла Лигада 1700 ойында жеңіске жеткен жалғыз клуб

Айта кетейік, Мадридтің «Реалы» Испания біріншілігінің 17-туры аясында түзде "Валенсиямен" тең (1:1) түскен еді. Ал 16-турда өз алаңында "Эспаньолды" 2:0-мен жеңген-ді.

Осылайша "галактикос" Ла Лигада 1700 матчта жеңіске жеткен тұңғыш клуб атанды. Екінші орында 1645 жеңісі бар "Барселона", үшінші "Атлетико" - 1292, төртінші- "Атлетик" - 1239, үздік бестікті 1230 рет ұтқан "Валенсия" түйіндеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, "Реал" бірінші үш ұпайын 1929 жылы 10 ақпанда "Еуропа" командасын (5:0) ұтып иеленген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×