«Реал Мадрид» Левандовскиге қандай келісімшарт ұсынды?

03.08.2020, 18:08
«Баварияға» ауысқаны өте дұрыс шешім болды.
«Реал Мадрид» Левандовскиге қандай келісімшарт ұсынды?

«Реал Мадрид» Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовскиге 2013 жылы қандай келісімшарт ұсынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Marca Onet Sport сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, егер Левандовски «Реал Мадридке» ауысса, ол ауысқаны үшін 10,9 миллион еуро көлемінде бонусқа ие болар еді. Корольдік клуб шабуылшыға жылына 8,6 миллион еуро жалақымен алты жылдық келісім-шарт ұсынған. Аталған келісім-шартқа Левандовски "Реал Мадридке" қосылатын болса, оған рұқсат етілмейтін іс-шаралар тізімі енгізілген. Оның ішінде мотоцикл айдау, шаңғы тебу және альпинизм кіреді.

Левандовски «Баварияға» 2014 жылдың жазында "Боруссия Дортмундтан" еркін агент ретінде келді. Ойыншысының Мюнхендік клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×