«Реал Мадрид» Мбаппені сатып алу жоспарын құрды

13.01.2021, 17:17
Футболшының келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады.
«Реал Мадрид» Мбаппені сатып алу жоспарын құрды

Мадридтік "Реал" келер жазда "Пари Сен-Жерменнің" 22 жасар шабуылшысы Килиан Мбаппемен келісімшарт жасасуды асыға күтуде, деп хабарлайды AS.

Корольдік клуб Гарет Бэйл, Иско, Марсело, Даниэль Себальос, Лука Йович, Браим Диасты сату арқылы 150 миллион еуро табуды көздеп отыр. Испаниялық клуб сонымен бірге Мбаппенің келісімшартының аяқталу сәтін пайдаланып, трансфер бағасын төмендетеді деп күтілуде. Дереккөздің хабарлауынша, ПСЖ ойыншы үшін 222 миллион еуро талап етеді.

Осы маусымда Килиан Мбаппе барлық турнирлерде ПСЖ үшін 20 кездесуге қатысып, 14 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×