«Реал Мадрид» осы жазда ойыншы сатып алмайды

06.07.2020, 22:23
Перес жанкүйерлердің арманын орындауды бір жылға кешіктірейін деп тұр.
«Реал Мадрид» осы жазда ойыншы сатып алмайды

«Реал Мадрид» басшылығы жазғы трансферлік терезеде бірнеше футболшылармен қоштасуды жоспарлап отыр.

«Корольдік» клуб керек емес ойыншыларды сатып, шамамен 200 миллион еуро алғысы келеді, сол ақшаға клуб ойыншы сатып алмауы мүмкін, деп хабарлайды Marca.

«Реал» сатқысы келетін ойыншылардың тізіміне Гарет Бэйл, Мариано Диас және Брайм Диас, сонымен қатар жартылай қорғаушылар Хамес Родригес пен Даниэль Себальос кірді.

"Реал" коронавирустың салдарынан қаржылық шығындарға байланысты қаражатты үнемдеуді қалайды. "Корольдік" клуб үшін ең көп пайда Бэйл мен Хаместі сату болайын деп тұр. Себебі, бұл екі ойыншы командадағы ең көп жалақы алатын ойыншылар болып табылады. Бұған дейін «Реал» «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алғысы келетіні туралы хабарланған болатын. Мадрид келісімді 2021 жылға қалдыруға тырысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×