“Реал Мадрид” өз алаңында “Валенсиядан” ұтылды

05.04.2025, 21:45

Ла лиганың 30-турында "Реал Мадрид" өз алаңында "Валенсиядан" 1:2 есебімен жеңіліп қалды, шешуші голды Хьюго Дуро 95-минутта соқты.

“Реал Мадрид” өз алаңында “Валенсиядан” ұтылды

"Реал Мадрид" алғашқы таймда басымдық танытып, бірнеше шабуыл ұйымдастырды. 12-минутта Килиан Мбаппеге қарсы ереже бұзылып, пенальти белгіленді. Алайда Винициус Жуниор өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Бұрыштама добынан кейін Муктар Дьякаби баспен гол соғып, "Валенсияны” есепте алға шығарды.

Сәлден соң Дьякаби тағы гол соқты, нақтылап айтсақ өз қақпасына яғни автогол. Бірақ бұл гол есепке алынған жоқ, себебі Мбаппе офсайдта тұрған деп танылды.

50-минутта Винициус Жуниор өз қателігін түзей отырып, есепті теңестірді.

Соңғы сәттерде "Реал Мадрид" гол соғуға қонақтардан қарағанда қаттырақ тырысқанымен, Хьюго Дуроның 95-минуттағы голы "Валенсияға” жеңіс әкелді. Бұл жеңіс “Валенсияның” Сантьаго Бернабеудегі соңғы 17 жылдағы алғашқы жеңісі.

Бұл жеңіліс "Реал Мадридтің” чемпиондық бәсекесіне кері әсерін тигізді. Қазір олар "Барселонадан” 3 ұпайға артта қалып тұр. Ал "Барса” көшбасшылықты нығайтуға тамаша мүмкіндікке ие болды. Ол үшін олар ертең түнде "Реал Бетисді" ұтуы керек.

                                          Өнер Айболат

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×