«Реал Мадрид» пен ПСЖ «Миланның» жартылай қорғаушысына көз тігіп отыр

15.11.2021, 17:53
Фктболшы алдағы жазда еркін агент атанады.
«Реал Мадрид» пен ПСЖ «Миланның» жартылай қорғаушысына көз тігіп отыр

«Миланның» жартылай қорғаушысы Франк Кессье осы маусымның соңында клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, миландық клуб 24 жастағы футболшының жалақысына байланысты онымен келісім-шартты ұзарта алмаған.

Жазда «Реал Мадрид» еркін агент атанатын жартылай қорғаушымен келісім-шартқа отырғысы келеді. Мадридтік клубтан бөлек, ПСЖ да Кессьеге қызығушылық танытуда.

Осы маусымда Кессье 12 ойында екі гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×