“Реал Мадрид” пенальти бойынша тарихи рекорд тіркеді

30.09.2025, 23:00

Чемпиондар лигасының биылғы маусымында мадридтік "Реал" қызық көрсеткішпен көзге түсіп отыр. Қазіргі таңда команда соққан алғашқы үш голдың барлығы да пенальтиден енді. 

“Реал Мадрид” пенальти бойынша тарихи рекорд тіркеді

Бұл көрсеткіш бойынша тарихта тек бір ғана мысал бар. 2021/22 жылғы маусымда "Ред Булл Зальцбург" алғашқы үш голын дәл осылай пенальтиден енгізген болатын.

Сонымен қатар, "Реал Мадрид” Чемпиондар лигасы тарихындағы ең көп пенальти иеленген команда ретінде көш бастап тұр.

Чемпиондар лигасында ең көп пенальти алған клубтар:

  • 64 – "Реал Мадрид" (+1 бүгін)
  • 63 – "Бавария"
  • 56 – "Барселона"
  • 37 – "Манчестер Сити"
  • 36 – "Арсенал"
  • 35 – "Манчестер Юнайтед"
  • 35 – "Челси"

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×