«Реал Мадрид» ПСЖ-мен болатын матчтан кейін Мбаппенің трансфері жайлы хабарламақ

04.01.2022, 21:59
Қос тарап ауызша келісім жасақан екен.
«Реал Мадрид» ПСЖ-мен болатын матчтан кейін Мбаппенің трансфері жайлы хабарламақ

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе Чемпиондар лигасындағы матчтардан кейін «Реалмен» келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды El Chiringuito TV порталы.

Дереккөздің айтуынша, мадридтік клуб бұл трансферге ештеңе кедергі болмайды деп жоспарлауда. Қазірдің өзінде тараптар ауызша келісім жасасып қойған екен. Бірақ келісім-шартқа Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңіндегі ПСЖ мен «Реал Мадрид» арасындағы матчтардан кейін қол қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мбаппе «Пари Сен-Жерменге» 2017 жылы «Монакодан» ауысқан болатын. Шабуылшының париждік клубпен келісім-шарты осы маусымның соңына дейін есептелген.

Ағымдағы маусымда Мбаппе Франция чемпионатында 17 матчқа қатысып, 9 гол мен 8 нәтижелі пасты өз атына жазды. Ол сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының алты ойынында 4 гол және Франция кубогінің екі ойынында 5 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×