Мадридтік «Реал» ресми сайтында Чемпиондар лигасының 3-ші турындағы «Интерге» қарсы матч алдында команда футболшыларының бірі коронавирус жұқтырғанын растады.
Инфекцияның белгілері Эдер Милитаодан байқалған. Бразилиялық қорғаушының 1 қараша күні тапсырған сынағы оң нәтиже берді.
Тексеру барысында «Реал Мадрид» ойыншыларының қалған бөлігі, сондай-ақ Милитаомен жұмыс істеген клуб қызметкерлері жұқпалы ауруға шалдықпағаны атап өтілді.
«Реал» мен «Интер» арасындағы матч ертең, 3 қарашада Мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.
Корольдік клуб екі турдан кейін Чемпиондар лигасының «В» тобында 1 ұпай ғана жинап, соңғы, төртінші орынға жайғасты. "Интер" (2 ұпай) бір сатыға жоғары. Көш басында 4 ұпай жинаған «Шахтер» тұр.
Біздің серіктес: FONBET