"Манчестер Сити" ойыншысы Рахим Стерлинг карьерасын Ла Лигада жалғастыруы əбден мүмкін деп хабарлайды The Sun.
Аталған ақпарат көзінің хабарлауынша, 25 жастағы футболшы үшін "Реал Мадрид" 180 миллион фунт (220 млн. еуро) төлеуге дайын.
Дегенмен Рахим мен клуб арасындағы келісім-шарт 2023 жылғы дейін жарамды. Қазір екі тарап жаңа келіссөзді бастап кетіпті. Рахим де өзге біріншілікте доп тебуі бек мүмкін екенін жасырмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Стерлинг "Манчестер Сити" жейдесінде 2015 жылдың жазынан бері өнер көрсетеді. Биылғымаусымда АПЛ-дағы 23 матчта 11 гол салған.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET