«Реал Мадрид» шабуылшысы түрмеге отыруы мүмкін

23.10.2020, 22:46
Футболшы көктемде карантин ережелерін бұзған болатын.
«Реал Мадрид» шабуылшысы түрмеге отыруы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Лука Йович туған жері Сербияда түрмеге отыруы мүмкін.

22 жастағы футболшыға осы көктем айында Белградта карантинді бұзғаны үшін айып тағылды, деп хабарлайды Marca. Лука алты айға қамалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Йович коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген карантинді бұзған болатын. Форвард Испаниядан Сербияға оралған соң 28 күн карантинде болуы керек еді, бірақ адамдар оның Белград көшелерінің бірінде жүргенін байқаған. Ойыншының өзі көшеге шығуға тыйым салынғаны туралы білмейтінін айтып, дүкенге барған. Лукаға айыппұл салынып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігі немесе үй қамағына алу жазасы күтіп тұрғаны хабарланды. Йовичтің 30 мың еуро айыппұл төлеп қойғандығы ықтимал жазаны жеңілдетуі мүмкін екендігі атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×