“Реал Мадрид” топ-5 лигада ең көп гол жіберген ұжымдар қатарынан табылды

Мадридтік команда қорғанысы биылғы маусымда өте сәтсіз өнер көрсетті.

“Реал Мадрид” топ-5 лигада ең көп гол жіберген ұжымдар қатарынан табылды

LiveScore порталы мәліметінше, топ-5 лиғада осы маусым қорытындысы бойынша “Тоттенхэм” ең көп гол жіберген ұжым ретінде көш бастады (83 гол). 2 орында өз қақпаларына 80 голдан жіберген “Брест” пен “Реал Мадрид” келеді. Үштікті 76 голдық көрсеткішімен “Реал Сосьедад” түйіндеуде. 

Бір қызығы, бұндай көрсеткіш Тибо Куртуаның үздік қақпашы ретінде лигада танылуына керіағар болуда. Бельгиялық қақпашы 2025 жылдық маусымда барлығы 174 сейв жасаған. Бірақ “Реал” командасы соған қарамастан, маусымдағы ең көп гол жібергендер тізімінен ойып тұрып орын алды.

Еске салсақ, корольдік клуб жақын аралықтағы ойынын 4 қаңтар күні Примера аясында өткізеді. Қарсылас – "Реал Бетис" ұжымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Реал Мадрид
Aladop Youtube
×