"Реалдың Мадрид" жанкүйерлері Алматыға сапарға дайындалуда. Kazinform деректеріне сүйенсек, 30 қыркүйекте өтетін Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі "Қайрат" – "Реал" кездесуіне Испаниядан 1000-ға жуық жанкүйер келеді.
Бұл туралы Қазақстандағы Испания елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтеса мәлімдеді. Оның айтуынша, жанкүйерлерден бөлек, 15–20 Испан журналисі, Мадридтік клубтың баспасөз қызметінің өкілдері және халықаралық трансляция ұйымдары да Алматыға келеді. Жалпы есеппен, матчқа 5000-ға жуық шетелдік турист келуі мүмкін.
Билеттер сатылымға матч басталуына 10 күн қалғанда шығады.