«Реал Мадридке» жаңа қорғаушы қажет

Испаниялық ұжым қорғаушы қарастыруда.

«Реал Мадридке» жаңа қорғаушы қажет

ТІЗЕ СҮЙЕКТЕРІ СЫР БЕРДІ 

«Реал Мадрид» ойыншысы жарақаттан кейін қалпына келе алмай жүр. Жасыл алаң былай тұрсын, жаттығуға шыдамайды деген әңгіме бар. Ойыншының тізесі маза бермей жатыр екен. Бұл түрімен осы маусымда команда намысын қорғауы екіталай. Алаба жаттығу кезінде тізе сүйектерін қимылдата алмайды. Тіпті сүйектерінің бір-біріне тиген сәтінде дауысы естіледі екен. Алабаның денсаулығы футбол ойнауға емес жаттығу жасауға мүмкіндік бермей тұр. Жағдай өте ауыр. Сондықтан Перес мырза қысқы нарықта жаңа қорғаушы қарастырады. Испандық БАҚ өкілдерінің айтуы бойынша, шеміршектің жұқаруына байланысты Давид Алаба мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл неге мұндай болды екен?

ҚОРҒАУШЫ ТАБУ ЖҰТ БОЛДЫ

Команда үшін нарыққа шығу мәселе болып тұр. Қаңтар айында топ қорғаушы сатып алу, оны іздеу артық шаруа. Мықты деген ойыншыларды «Реалға» қосу өте қиын болады. «Реал» қорғаушыға 70-100 млн еуро төлемейтіні анық. Болашағы жарқын, жақсы нәтижемен танылып жүрген жастарға қызығушылық болатыны белгілі. Себебі, команданың негізгі орталық қорғаушылары Рюдигер және Эдер. Барлығы жақсы болса бұл жұпқа команда сенім артады. Арзан бағаға ойыншы сатып алып, оны атақты, мықты қорғаушы қылып шығару «Реалға» қиын емес. Көрейік енді. Қорғаныстағы мәселелер қалай шешілер екен?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×