“Реал Мадридтің” бұрыңғы ойыншысы өлім аузында

19.10.2025, 22:00

Нидерландылық бұрынғы футболшы Ройстон Дренте ауыр жағдайға тап болды. 38 жастағы экс-ойыншы инсульт алғаны хабарланды.

“Реал Мадридтің” бұрыңғы ойыншысы өлім аузында
Royston Drenthe

Дренте соңғы уақытта Нидерландияның әуесқой лигасындағы "De Rebellen” клубының сапында өнер көрсетіп жүрген болатын. Клубтың ресми мәліметінше, футболшының жағдайы жұма күні күрт нашарлаған.

"Қазір Ройстон ауруханада жатыр, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер оның жағдайын мұқият бақылауда ұстап отыр." – делінген клубтың мәлімдемесінде.

Ройстон Дренте футбол жанкүйерлеріне Еуропадағы бірнеше беделді клубтардағы ойынымен жақсы таныс. Ол өз карьерасында:

  • "Реал Мадрид" (Испания),
  • "Эвертон" (Англия),
  • "Фейеноорд" (Нидерланд),
  • және "Алания" (Ресей) командаларының жейдесін киген.

Жарқын дриблинг пен жылдамдығымен танылған Дренте бір кездері Еуропаның ең талантты жас ойыншыларының бірі саналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×