Мадридтік "Реалдың" бірден төрт жұлдызды қорғаушысы алдағы Чемпиондар лигасының екінші турындағы "Қайратқа" қарсы матчқа қатыспайды.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Трент Александр-Арнольд пен Ферлан Менди жаттығу кезінде тізе асты сіңірін жарақаттап, кездесуге дейін толық айығып үлгермейді. Антонио Рюдигер де жамбас жарақатынан айыға алмай отыр.
Ал Дани Карвахаль өткен турда "Марсельге” қарсы ойында (2:1) тікелей қызыл карточка алып, бұл матчтан шеттетілген.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі "Қайрат" – "Реал Мадрид" кездесуі 30 қыркүйекте 21:45-те басталады..