"Реал" - "Манчестер Сити": Хорваттар кеші

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
10.04.2024, 08:28

Кеше"Реал" мен "Манчестер Сити" ЧЛ ширек финалындағы бірінші бәсекесін өткізді. Мадридегі матч жанкүйерлерге нағыз тарту болды.

"Реал" - "Манчестер Сити": Хорваттар кеші

Маңызды ойында  командалар қорғанысқа жамбастап жатып алған жоқ. Екеуі жабылып алты гол салды. Тағы қызықты не болды? Алаң иелерінің қақпашысы мен "Манчестер Сити" қақпашысы да қателік жіберді. Алаң иелерінің сапында орталық қорғаушы позициясында Тчуамени ойнады. Тағы бір ерекше тұсы, ширек финалдық титандар айқасында хорватиялық футболшылар жасындай жарқылдаған болатын. "Қалалықтар" қатарынан Иошко Гвардиол әдемі гол салса, "Реалдан" Лука Модрич өзінің әлі де жоғары деңгейін дәлелдеді. Жартылай қорғаушы матчқа үзілістен кейін қосылып, командасының таразы басын теңестіруге атсалысты. Қортынды есеп 3:3.

Голдар: Бернарду Силва, 2 (0:1). Диаш, 12 - автогол (1:1). Родриго, 14 (2:1). Фоден, 66 (2:2). Гвардиол, 71 (2:3). Вальверде, 79 (3:3). Айта кетейік, қос команда енді 17 сәуірде Англияда қайта жолығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×