“Реал” мен Испания футболшыларының қауымдастығы Ла лигадан Клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін 3 апталық демалыс талап етуде

07.07.2025, 15:30

Мадридтің "Реалы" жаңа маусымдағы алғашқы матчын кейінге шегеруді қалап отыр. Клуб 9 шілде күні Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында "ПСЖ"-ге қарсы ойнайды. Ал Ла Лигадағы жаңа маусымдағы алғашқы кездесу 19 тамызда "Осасунаға" қарсы өтуі тиіс.

“Реал” мен Испания футболшыларының қауымдастығы Ла лигадан Клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін 3 апталық демалыс талап етуде

As басылымының мәліметінше, "Реал” мен Испания футболшыларының қауымдастығы (AFE) ойыншыларға Клубтық әлем чемпионатынан кейін 3 апталық демалыс және маусым алдындағы дайындық мерзімін беруді талап етуде. Қазір клуб пен AFE бұл талапты Ла Лига және Испанияның Корольдік футбол федерациясына (RFEF) бірлесіп жолдау үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Ла Лига Клубтық әлем чемпионатына қатысып, 1/4 финалға шыққан клубтарға жаңа маусымдағы бірінші турды кейінге қалдыруға келісетінін айтқан еді. Алайда қазіргі таңда Ла Лига "Реалға” бұл жеңілдікті беруден бас тартып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×