Реал мен Роналдуның рекорды

22.05.2011, 16:54
Реал мен Роналдуның рекорды
Футболдан Испания біріншілігі аяқталды. Барселона 96 ұпаймен топ жарды. Екінші орынға Реал тұрақтады. Криштиану Роналду сияқты марқасқасы бар команда осы маусымда 102 доп соқты. Ал Роналдудың өзі бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді. Оның еншісінде 40 доп бар. Екінші орында Лионель Месси. Аргентиналықтың қоржынында 31 доп. Ал жалпы алғанда Роналду барлық турнирлерде 53 рет мергендігімен танылыпты. Бұл көрсеткіште Месси 52 рет. Десекте әлемні үздік футболшысының әлі бір мүмкіндігі бар. Егерде Лионель Чемпиондар лигасының финалында доп соқпаса, онда Роналду даусыз Еуропаның ең үздік сұрмергені атанбақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Турнир кестесі
Серіктес жаңалықтары
×