«Реал» неге «арыздануда»? Испаниялық грандтың көңілінен шықпған жайт матчқа көлеңкесін түсіруі мүмкін

30.09.2025, 12:36

Мадридтік клуб УЕФА-ға шағым түсіріпті. «Реалдың» халықаралық ұйымға «арыздануына» себеп – Алматының «Орталық» алаңының сапасына қатысты екен.

«Реал» неге «арыздануда»? Испаниялық грандтың көңілінен шықпған жайт матчқа көлеңкесін түсіруі мүмкін
Алматының Орталық стадионы

Дәлірек айтқанда, испаниялық клуб өкілдері стадиондағы газонның биіктігін сәл қысқартуды сұраған. Испаниялық топ-клуб өтініші - «Орталық» газонды 25 миллиметрге дейін қықсарту, ал онда қазіргі биіктігі 30 миллиметр. «Реал» футболшылары осыған дейін тек 20-22 миллиметрде ойнап келген көрінеді. Испаниялықтардың осыған дейін ең биік газоны «Хетафеге» қарсы сырт алаңдағы матчы болатын – 27 миллиметр.

«Қайрат» - «Реал» кездесуі 21:45-те басталады.            

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×