«Реал» Нико Пасты «Комо» клубынан қайтару құқығын пайдаланбайтын болды

11.07.2025, 19:55

Мадридтік «Реал» италиялық «Комоның» жартылай қорғаушысы Нико Пасқа байланысты сатып алу құқығын жазғы трансферлік терезеде пайдаланбайды, деп хабарлайды танымал инсайдер Фабрицио Романо.

«Реал» Нико Пасты «Комо» клубынан қайтару құқығын пайдаланбайтын болды
Нико Пас

Осы жазда «Реал» италиялықтар сапында ойнайтын тәрбиеленушісі Нико Пасты 8 миллион еуро төлеп, қайтара алатын еді. Бірақ, бұл құн келесі маусымда 9 миллион еуроға дейін қымбаттайды. Пас 2024 жылы «Комоға» ауысқан болатын. Ағымдағы маусымдағы 20 жастағы аргентиналық футболшының көрсеткіші: 35 ойын, 6 гол және 9 нәтижелі пас. Transfermarkt порталы жас футболшының нарықтағы құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Реал Мадрид
Aladop Youtube
×