"Реал" шабуылы қауқарсыз

23.02.2020, 13:43
"Реал" шабуылы қауқарсыз

Ла Лиганың 25-туры аясында Мадридтің "Реалы" түзде "Левантеден" (1-0) ұтылып қалды. Жалпы "галактикостың" португалдық сұрмергені "Ювентус" сапын толықтырғалы бері шабуыл шебі біраз сыр берді. Мәселен команда Криштиану кеткелі бері өткізген 93 матчтың 21-інде, яғни 23%-ында гол соға алмай келеді. Ал "Реал" Роналду барда өткізген 438 ойынның 36-сында ғана доп тоғытпаған еді. Бұл жалпы матчтардың - 8%-ы.

Осылайша Эль-Класико алдында "Барселона" қайтадан көш басына шықты. Түнде Каталон ұжымы "Эйбарды" 5-0-мен сан соқтырды. Енді 26-турда екі мықты "Сантьяго Бернабеуде" кім мықтыны анықтайды.

Криштиану мен Мессидің 1000-дығы

Айтқандай, түнде А сериясының 25-турындағы "Спал" мен "Ювентус" арасындағы матч Роналду карьерасындағы 1000-ойын болды. Сонымен қоса, 39-минутта есеп ашқан КриРо Италия біріншілігінде 11 ойын қатарынан гол салды.

Ал аргентиналық шабуылшы əлі 1000 рет алаңға шықпаса да нəтижелілігі бойынша бұл көрсеткіштен асып түсті. Ол түнде 696-шы голын салып, нəтижелі пас санын 306-ға жеткізді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×