«Реал» жалақыны қысқартты. Рамос пен Бэйл не істер екен?

Испан клубы карантиннің кесірінен қиын жағдайға тап болды.
«Реал» жалақыны қысқартты. Рамос пен Бэйл не істер екен?

Келесі маусымнан бастап футболшылар мен бапкерлер штабының жалақысы 30 пайызға қысқарады. "Реал" Мадрид басшылығы осындай шешім қабылдапты. Бұл жағдай екінші командаға да әсер етеді. Ал өзге персоналға бұл жаңалық әсер етпейді. Тек футболшылар мен бапкерлер жалақысы ғана қысқарады. Негізі Мадрид қаласының негізгі клубында 800-ге жуық адам қызмет етеді. Дәл қазіргі жағдайда "Реал" футболшыларға жалақы беру үшін жылына 283 миллион еуро жұмсайды екен. Егер 30 пайызға қысқартса онда клуб бюджеті 85 миллионға көбейеді деген сөз. Ал бапкерлер мен екінші команданың ойыншыларын да осы 30 пайыздық жеңілдікке қосқанда клуб бюджеті 100 миллион үнемдейді.

Ал Рамос пен Бэйл клубтағы жалақысы ең көп ойыншылар. Олар қазір 14,5 млн алып жүр. Енді 30 пайызын шегерсек 4,5 млн алынып тасталады да олардың жалақысы 10 млнға түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×