Қазақстан Республикасының спорт және туризм министрлігі "Қайраттың" Чемпиондар Лигасындағы 30 қыркүйек күні болатын кездесуіне шет мемлекеттен қанша адам келетінін болжады.
ҚР спорт және туризм басшысы Ербол Мырзабосынов “Қайрат” клубының Чемпиондар Лигасындағы жетістігіне ерекше тоқталды. Министр алматылық команданың арқасында оңтүстік астанамызға “Реалмен” болатын кездесу қарсаңында 4-5 мың шетел туристері келетінін болжады. Олар УЕФА-ның арнайы бөлінген квотасы арқылы Қазақстанда қонақтайтын болады.
Одан тағысы, Ербол Мырзабосынов алдағы уақытта Алматы жерінде УЕФА-ның 4 категориялы 35 мың адамды құшақ жая қарсы алатын жаңа стадион құрылысы басталатыные тілге тиек етті. Бірақ әзірге “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасындағы қарсыластарын Орталық стадионда қабылдай бермек.
Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын “Қайраттың” “Реал Мадридпен” болатын матчының уақыты мен күні белгілі болған еді. Атап айтсақ, кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те өз бастауын алады.