“Реалдың” әйелдер командасының “Барсаға” тісі батпауда

25.03.2024, 12:35

“Барселонаның” әйелдер командасы ішкі біріншіліктің кезекті турында “Реал Мадридтің” бұрымды қыздарын 3:0 есебімен жеңді, деп жазады Аладоп.кз.

“Реалдың” әйелдер командасының “Барсаға” тісі батпауда

Каталондық клубтың “Реалға” қарсы ойындардағы жеңіліссіз сериясы 14 ойынға жалғасты. 

Чемпионаттың 21-турында Барселона корольдік клуб қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ойын барысында Фридолина Рольфе, Айтана Бонмати мен Каролина Хансен бір-бір голды өз аттарына жазды. 

2020 жылы “Такон” базасында құрылған “Реал Мадридтің” әйелдер клубын “Барселона” нәзік жандылары 14 ойын қатарынан жеңіп келеді. 

Әйелдер арасындағы Примераның турнирлік кестесінде “блауграна” 61 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал “Реал” болса, қоржынындағы 49 ұпаймен каталондық клубты қуушы команда ретінде саналып отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×