Мадридтік «Реал» «Атлетикомен» өтетін дербидің күнін өзгертті.
Бастапқыда Ла Лиганың 7-турындағы кездесу 28 қыркүйекте өтуі тиіс еді. Алайда ол енді 27 қыркүйекте, Астана уақытымен 19:15-те өтеді.
«Реалдың» қыркүйектегі ойын күнтізбесі:
13 қыркүйек — «Реал Сосьедад» (қонақта, Ла Лига)
16 қыркүйек — «Марсель» (үйде, Чемпиондар лигасы)
20 қыркүйек — «Эспаньол» (үйде, Ла Лига)
23 қыркүйек — «Леванте» (қонақта, Ла Лига)
27 қыркүйек — «Атлетико» (қонақта, Ла Лига, дерби)
30 қыркүйек — «Қайрат» (қонақта, Чемпиондар лигасы, Алматы)
Осылайша, мадридтік командада Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайратқа» қарсы матчқа (30 қыркүйек, 21:45) дайындалу үшін бар-жоғы үш күн ғана қалады.