«Реалдың» ойынын билетсіз де көруге болады? Матч қарсаңында алматылықтар балкондарын жалға беруде

10.09.2025, 11:37

«Қайрат» - «Реал» кездесуінің қарсаңыда елімізде сұмдық, бұрын соңды болмаған ажиотаж орын алуда.

«Реалдың» ойынын билетсіз де көруге болады? Матч қарсаңында алматылықтар балкондарын жалға беруде
Киллиан Мбаппе

Мәселен, Алматыдағы ЧЛ кездесуінің қарсаңында «Орталық» стадион маңында тұратын пәтер иелері өздерінің балкондарын сатылымға шығарыпты деген ақпарат бар. Дұрысын айтқанда, тұрғындар матч кезінде балконын жалға береді. Ойынға билет таппағандар үшін қосымша вариант болып отырған ұқсайды. Кездесуді тым болмағанда стадион маңындағы балконннан тұрып көруге мүмкіндік бар. Пәтер иелері балкондарын 20-50 мыңның арасында бағалап отырған көрінеді. Алаңдағы билет секілді мұнда да өзінің критерийлері бар екен – стадионға жақынырақ, жарықтандырылуы деген секілді талаптарға байланысты балкон бағасы да қымбаттай бермек.

Айта кетейік, ЧЛ 2-туры аясында Алматыда «Қайрат» - «Реал» Мадрид кездесуі өтеді. Билетттер сатылымға 20-қыркүйекте шығады деп мәлім етілген болатын.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×