«Реалдың» сәтсіздігіне Мбаппе кінәлі ме? Тибо Куртуа командаластарын жерден алып жерге салды

17.04.2025, 13:34

«Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа «Арсеналдан» ұтылған соң өзінің пікірін айтты. Бельгиялық кипердің ойынша, испаниялықтарға командалық ойын жетіспеген.

«Реалдың» сәтсіздігіне Мбаппе кінәлі ме? Тибо Куртуа командаластарын жерден алып жерге салды
Килиан Мбаппе

«Біз допты айып алаңына тым көп әуелеттік. «Арсеналдың» сұңғақ бойлы ойыншылары бар, ал бізде Хоселу жоқ. Керісінше, командалық футбол ойнау керек еді. Сондай-ақ бізге жеке-жеке емес, бір команда ретінде ойнау қажет. Менің ойымша, кейде біз өзімшілдікке тым қатты салынып кетеміз. «Арсенал» сауатты қорғанып, бос кеңістік табу қиын болды. Олардың бізден мықты болғанын мойындау керек», – деді Т. Куртуа.

Айта кетейік, бүгін түнде мадридтік клуб қос ойын нәтижесінде «Арсеналдан» ұтылып (1;5) жарыс жолынан шығып қалды.         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×