“Реалдың” жас жұлдызы “Месси ме, әлде Роналду ма?” деген сұраққа Мессиді таңдап, жанкүйерлерді таңғалдырды

15.08.2025, 10:00

“Реал Мадридтің” жаңа ойыншысы Франко Мастантуоно таныстырылу рәсімінде айтқан сөзімен жанкүйерлер арасында үлкен пікірталас тудырды.

“Реалдың” жас жұлдызы “Месси ме, әлде Роналду ма?” деген сұраққа Мессиді таңдап, жанкүйерлерді таңғалдырды

Журналистің: "Сіздің ойыңызша, әлемдегі ең үздік футболшы кім?” деген сұрағына ол еш ойланбастан:

"Мен Аргентиналықпын, мен үшін әлемдегі ең мықты ойыншы Лионель Месси.” — деп жауап берді.

Бұл сөздер қысқа уақытта әлеуметтік желіде кең тарап, жанкүйерлер арасында қызу талқылау туғызды. Бірқатар Мадридистер оны "құрметсіздік” жасады деп сынап, Мессидің көп жылдар бойы клубтың басты қарсыласы "Барселонаның” символы болғанын және команда аңызы Криштиану Роналдудың мәңгілік бәсекелесі екенін еске салды. Ал екінші тарап 18 жастағы аргентиналық жігіттің адалдығы мен шынайылығын бағалап, клуб шеңберіне байланып қалмай, өз пірін ашық атағанын батыл қадам деп бағалады.

Мастантуоно 2025 жылдың 14 тамызында, өзінің 18 жасқа толған туған күнінде, “Ривер Плейттен” “Реал” ойыншысы атанып, 6 жылдық келісімшартқа қол қойған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×