«Реалмен» ойында «Қайрат» қақпасын кім қорғайды? Алматылық команда сапын тәжірибелі қақпашы толықтырғалы жатыр дейді

20.09.2025, 17:05

«Еxtratime_kz» телеграмм-арнасының мәлімдеуінше,«Шахтер» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Игорь Шацкий «Қайрат» жейдесін киюге жақын.

«Реалмен» ойында «Қайрат» қақпасын кім қорғайды? Алматылық команда сапын тәжірибелі қақпашы толықтырғалы жатыр дейді
Шерхан Қалмұрза

Дәл қазір ол «кеншілермен» арадағы келісімшартын бұзуда делінген. УЕФА талабына сай алматылық команда маусым соңына дейін бір еркін агентті тіркеу құқығына ие. Енді Рафаэль Уразбахтин командасы осы мүмкіндікті пайдаланып қалмақшы.

Естеріңізде болса, «Қайраттың» негізгі қақпашылары Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков ұзақ уақытқа қатардан шығып қалған болатын. Ал олардың орнын басқан 18 жасар Шерхан Қалмұрза өткенде «Спортингке» қарсы ойында өнер көрсетті (1:4).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 5
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×