«Реалмен» ойында қақпаны кім қорғамақ? Рафаэль Уразбахтин жауап берді

25.09.2025, 13:17

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы ойында қақпаны кім қорғауы мүмкін деген мәселеге тоқталды.

«Реалмен» ойында қақпаны кім қорғамақ? Рафаэль Уразбахтин жауап берді
Шерхан Қалмұрза

«Темірланды аурухандан шығарды, базаға келіп қайтып үлгерді. Жағын әлі де ауырсынады, толық аша алмайды әлі. Толық айыққанда ғана барып жаттығуға кіріседі. Дәрігердің айтуынша, қалыпқа келуі ойдағыдай өтуде. Ал Александр бірнеше күннен кейін жаттығуға кіріспек. Жақын арада оған да сенім арта аламыз. Қалмұрзадан бөлек, бізде тағы бірнеше қақпашы бар. Жақын арада солардың барлығына үміт арта аламыз», - деді Р. Уразбахтин «Tengrisport.kz» берген сұқбатында.

Айта кетейік, ЧЛ бірінші турында алматылықтар қақпасын үшінші қақпашы, 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғаған болатын. Лиссабондағы бәсекеде жас қақпашы пенальти қайтарып, бірнеше сэйвімен есте қалған. «Қайрат» 30-қыркүйектегі кездесуде Қалмұрзаға сенім артатын секілді. Сондай-ақ, Рафаэль Уразбахтиннің командасы жыл соңында дейін «Шахтерден» Игорь Шатскийді жалға алуы мүмкін деген ақпарат тараған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×