Рефери Рамостың финалдағы голы оффсайдтан кіргенін мойындады

«Атлетико Мадрид» бұл жаңалықты естіген бойда Туиттер парақшасына жариялады.
Рефери Рамостың финалдағы голы оффсайдтан кіргенін мойындады

2015/16 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасының финалында "Атлетико Мадрид" пен "Реал Мадридтің" арасында өткен ойында төрелік еткен Марк Клаттенбург қатесін мойындады. Британдық төреші королдік клубтың капитаны Серхио Рамостың голы оффсайдтан кіргенін айтты.

Ақпарат жедел түрде испандық басылымдардан бастап жедел түрде таралып үлгерді. "Атлетико Мадрид" үш бірдей газеттің мұқабасында тұрған суреттерді өзінің ресми Twitter парақшасына жүктеді.

Еске салайық Миланда өткен ойын 1:1 есебімен пенальти сериясына дейін жалғасқан болатын. Он бір метрлік нүктеде королдік клуб "Атлетикодан" басым түсіп чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×