Әлемдік спорт карталары нарығында жаңа рекорд орнады. "Барселона" сапында 2004/2005 маусымында ойнаған Лионель Мессидің дебюттік карточкасы 1,5 миллион АҚШ долларына сатылды.
Бұл баға спорт карталары тарихындағы ең жоғары сатылымдардың бірі болып тіркелді. Карточкада бірден бірнеше беделді ұйымдардың сертификаты бар. Mike Baker Authenticated Diamond, PSA, Beckett Grading Services және Sportscard Guaranty Corporation. Мұндай сертификаттар коллекционерлер үшін картаның түпнұсқалығын, сапасын және сиректігін растайтын басты белгі саналады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл мәміле Месси феноменінің әлі де күшінде екенін, оның есімі футбол тарихында ең қымбат әрі беделді брендтердің бірі болып қалғанын көрсетеді.
– ESPN