Рекорд жасаған қақпашы

31.05.2017, 03:54
Рекорд жасаған қақпашы
Қазақстан премьер-лигасы 14 тур. 27-28 мамыр «Ақтөбе» — «Ертіс» — 1:2 (Зенькович, 73 — Ткачук, 56, Фонсека, 87) «Ертіс» командасының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория бұл кездесуде Қазақстан премьер-лигасындағы 350-матчын өткізді. Тұңғыш матчын ол 16 жасына екі ай жетпей, 1997 жылдың 2 қыркүйегінде «Автомобилист» (Шортанды) сапында «Елім-айға» қарсы өткізді — 2:4. 350 матчты Лория мына командалар сапында өткізді: 1. «Автомобилист» (Шортанды), 1997. 1 матч (-4 гол) 2. «Астана»-1964/»Жеңіс» (Астана), 1998-2002, 2006. 81 (-63) 3. «Есіл» (Көкшетау), 2003. 7 (-5) 4. «Шахтер» (Қарағанды), 2004-2005, 2007-2008. 110 (-91) 5. «Локомотив» (Астана), 2009. 12 (-11) 6. «Ертіс» (Павлодар), 2010-2012, 2015-… 123 (-133) 7. «Қайрат» (Алматы), 2013-2014. 16 (-19) 350 ойында Давид 326 гол жіберді. Қазақстаннан бөлек, Лория «Хальмстад» (Швеция), Спартак (Нальчик, Ресей), «Ризеспор» және «Каршыякаспор» (Түркия) командаларында ойнады. Қазақстан чемпионаттарында көп ойын өткізген қақпашылар: 1. Давид Лория — 350 матч; 2. Олег Воскобойников — 338; 3. Даниил Рихард — 322+7 (алаңдағы ойыншы ретінде); 4. Сергей Бойченко — 292; 5. Юрий Новиков — 291; 6. Александр Мокин — 286.

statsport.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×