Рэпер Снуп Догг “Суонси Сити” клубының иесі атанды

18.07.2025, 16:30

Танымал рэпер Снуп Догг Ағылшын Чемпионшипінде өнер көрсететін "Суонси Сити" футбол клубының ресми түрде жаңа инвесторы әрі иелерінің бірі атанды. 

Рэпер Снуп Догг “Суонси Сити” клубының иесі атанды

"Футболға деген махаббатым бәріне мәлім. Бірақ мен үшін ең маңыздысы — "Суонси Сити” клубының иесі атану. Клубтың тарихы мені қатты әсерге бөледі. Бұл халықтың мақтаныш тұтатын қаласы мен клубы. Құндылығы еленбесе де, ешқашан берілмейді – мен сияқты.” – деді Снуп Догг.

"Суонси Сити” Чемпионшиптің өткен маусымын турнир кестесінің 11-орнында аяқтаған.

Бұған дейін, сәуір айында, Лука Модричтің де “Суонси Ситидің" акционері атанғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×