Ресей БАҚ-тары 18 жастағы Шерханның ерлігіне таңғалуда

19.09.2025, 19:20

“Қайраттың” 18 жастағы қақпашысы Шерхан Калмұрза Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі дебюттік ойынында өзінің шеберлігін паш етті. Ресейлік спорт порталы “Чемпионат” жас ойыншының ойынын жоғары бағалап, оны әлемдік деңгейдегі талант ретінде атап өтті.

Ресей БАҚ-тары 18 жастағы Шерханның ерлігіне таңғалуда

Матч “Қайрат” пен соңғы екі жылғы Португалия чемпионы “Спортинг” арасында өтті. Қазақстандық команда Opta статистикасы бойынша айқын аутсайдер болып саналатын еді. Бұған дейінгі ұзақ, 12 сағатқа жуық ұшудан кейін команда толық дайын емес, негізгі қақпашылар Заручкий мен Анарбеков жарақаттанып қалған болатын. Сол себепті негізгі қақпаны 18 жастағы Шерхан Калмұрза қорғады.

Бірінші минуттан бастап жас қақпашыға үлкен жауапкершілік жүктелді. “Спортингтің” шабуылшылары бірнеше қауіпті эпизодтар жасағанымен, Калмұрзаның керемет реакциясы мен шапшаң қимылдары қарсыластардың есеп ашуына жол бермеді. Айталық, 20-минутта белгілі пенальти соққысы орын алды, бірақ Шерхан оны тоқтатты. Ресейлік БАҚ осы сәтті Игорь Акинфеев стиліндегі керемет реакция деп атап өтті және Қалмұрзаның жас шамасы бойынша әлемдік рекордшылар қатарына енгенін жазды. (тек 30 күнге ғана кіші Миле Свилардан кейін)

Ойын барысында жас қақпашы бірнеше рет керемет сейвтер жасап, командасын қорғаныста сақтады. Әсіресе, қарсыластың қатты соққылары мен қауіпті қимылдарына төтеп беруі оның шеберлігін айқындады. Ал екінші таймның 64–68 минуттарында “Қайрат”  қарсылыққа төтеп бере алмай, төрт гол жібергенімен, ойынның соңында команда өзінің мерейін көтерді, Эдмилсонның әдемі голы арқылы есеп ашылды.

“Чемпионат” порталы ойынның қорытындысында атап өткендей, “Қайрат” жеңілгенімен, жастар мен резервтік ойыншылардың өнер көрсетуі және ерліктері команда тарихында маңызды бет ашты. Әсіресе, Шерхан Калмұрзаның дебюті болашаққа үлкен үміт сыйлайтын сәт болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×