Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Дмитрий Свищев Ресей әйелдер құрамасының халықаралық жарыстарға 2026 жылы қайта қатысуы мүмкін деген жаңалыққа пікір білдірді.
Бұған дейін Sport Baza басылымы ФИФА мен УЕФА 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне Ресейдің әйелдер құрамасын қосу нұсқасын талқылап жатқанын хабарлаған еді.
Свищев бұл ақпаратқа күмәнмен қарай отырып, жағдайдың бұрынғы сценарийге ұқсайтынын айтты:
"Бұл — ескі әңгіменің жаңа нұсқасы. Бұған дейін балалар мен жастар құрамаларының қайта оралуы жайлы айтылған, енді әйелдер құрамасы туралы жаңалық шықты. ФИФА мен УЕФА бірнеше рет Ресейдің қайта қатысу мүмкіндігін қарастырды, бірақ әр жолы қарсы шыққандардың қысымымен шешім кейінге қалды. Сондықтан бұл жолы да сақтықпен үміттенемін.” — деді депутат.
Айта кетсек, 2022 жылдан бері барлық Ресейлік клубтар мен ұлттық құрамалар ФИФА мен УЕФА ұйымдастыратын халықаралық жарыстардан шеттетіліп келеді.