Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы: Черчесов нәтижеге жетуді жақсы көреді

04.06.2024, 13:17

Ресей құрамасы мен «Динамо», «Локомотив» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Дмитрий Булыкин Станислав Черчесовтың тағайындалуы туралы ойын айтты

Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы: Черчесов нәтижеге жетуді жақсы көреді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов

«Бұл жұмыс оған не беруі мүмкін? Ең бірінші кезекте - нәтиже. Өйткені, ол жұмыс істеу үшін жұмыс істейтін емес нәтижеге жетуді жақсы көретін макисмалист-бапкер. Оны өте жақсы жаттықтырушы деп есептеймін. Меніңше, ол өзін бір клубта жақсы көрсетер еді, бірақ енді Қазақстан құрамасын таңдаған екен, сол жақтың футболшыларының деңгейін көтереді», - деді Д. Булыкин.

Айта кетейік, жуырда Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ресейлік маман отбасылық жағдайына байланысты қызетінен кеткен Магомед Адиевтің орнын басқан болатын.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×