Ресей құрамасы мен "Динамо" командасының бұрынғы футболшысы Денис Колодин "РБ Спортқа" берген сұхбатында Станислав Черчесовтың жаңа қызметі туралы пікірін айтты.
Ардагер спортшы Адиевтен кейін жаңа бапкерге қиын болатынын да жеткізген.
"Біраз тағатсыздану бар, бірақ әлі ойындар өтпеді. Бәрі күтуде. Ресейден осындай деңгейдегі бапкер келеді деп ешкім ойламаған шығар. Барлығы одан шамадан тыс нәтиже күтеді, сондықтан Черчесовке оңай болмайды. Адиев нәтиже көрсетті. Енді жаңа жаттықтырушыдан да сондай көрсеткіш күтіледі. Еуропалық деңгейдегі маманды алды. Ресей құрамасын жаттықтырды. Енді олар соған сәйкес нәтиже күтеді, бапкерге бар күшін салу керек",- деді Д. Колодин.
Айта кетейік, Станислав Черчесов маусымда Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ресейлік маман осыған дейін венгрияның"Ференцварошын" жаттықтырған. Ұлттық құрама деңгейінде Ресеймен 2018-жылғы ӘЧ-ның ширек финалына дейін жетті.
Біздің серіктес: FONBET