Марио Фернандес аладоп аламанындағы мансабына нүкте қойды.
Марио ауыр жарақатының кесірінен футболмен қоштасуға бел буған екен. Қорғаушы біраз жылдар бойы ойын тәжірибесіз қалып қалды.
35 жастағы футболшы соңғы рет “Зенит” клубында өнер көрсетті. Алайда 2024 жылы Фернандес бас бапкердің жоспарына кірмегендіктен, Петербор ұжымымен қош айтысуға мәжбүр болды. “Зениттен” бөлек, Марио “Гремио”, “Интернасьонал” және ЦСКА клубтарында доп тепті. 2016 жылы бразилиялық Ресей азаматтығын алып, сол елдің құрамасына шақыртылды. Қорғаушы өзінің жаңа командасымен бірге 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетті. Аталған турнирде ресейліктер Испания құрамасын жеңіп, үлкен сенсация жасады.
Жалпы өз мансабында Фернандес 4 дүркін Ресей чемпионы, 2 дүркін Ресей Кубогы мен Суперкубогын жеңген және бір мәрте “Гремио” сапында жүріп, Бразилия біріншілігінде топ жарған.