Бүгін, 21 маусымда Ресей құрамасы Даниямен кездесті. Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы матч Копенгагендегі (Дания) "Паркен" стадионында өтіп, 1:4 есебімен аяқталды. Кездесуде Клемен Турпен бастаған франциялық төрешілер тобы қызмет етті.
Ойындағы алғашқы голды Данияның жартылай қорғаушысы Миккель Дамсгор соқты. 59-минутта Юсуф Поульсен Роман Зобниннің өрескел қателігін пайдаланып, есепті еселеді. 69-минутта Ресей құрамасы бір гол соғып, интриганы жандандырды, голды Артём Дзюба пенальтиден соқты. Бірақ оптимистік көңіл-күй ұзаққа созылмады: 80 және 82-минуттарда Дания қорғаушысы Андреас Кристенсен, кейіннен Йоахим Мехле ерекшеленді. "Челси" клубының қорғаушысы Кристенсен осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Сонымен, топтық кезеңнің қорытындысы бойынша В квартетінде бірінші орынды тоғыз ұпай жинаған Бельгия құрамасы иеленді. Дания, Финляндия және Ресейде үш ұпайдан бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша Дания екінші орында, финдер үшінші, ал ресейліктер соңғы, төртінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: FONBET