Ресей құрамасы екі жылға халықаралық жарыстардан шеттетілді

18.12.2020, 03:30
Ресей құрамасы алдағы әлем чемпионатына қатыса алмайды.
Ресей құрамасы екі жылға халықаралық жарыстардан шеттетілді

Спорттық арбитраждық сот (CAS) Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың мәліметтер базасындағы өзгертулер үшін Ресейді екі жылға халықаралық жарыстан шеттету туралы WADA-ның шешімін күшінде қалдырды.

Бастапқыда WADA Ресейді 4 жылға шеттеткісі келген, бірақ CAS бұл шешімді екі жылға қысқартты (2022 жылы 16 желтоқсанға дейін). Жаза дереу күшіне енеді.

Алдағы 2 жылда ресейлік спортшылар өз елінің атынан ірі жарыстарға (Әлем кубогы және Олимпиада) қатыса алмайды, ал Ресей осы уақыт аралығында халықаралық турнирлерді өткізе алмайды.

Турнирлерді өткізуге тыйым салу тек әлем чемпионаты мен Олимпиадаға қатысты. Еуро-2020 (2021 жылға ауыстырылған) және Чемпиондар лигасының финалы жоспарға сәйкес Ресейде өтеді.

Ресейдегі допингке қарсы агенттік (RUSADA) қайтадан өз мәртебесінен айырылды. Сондай-ақ, Ресей WADA-ға ұйымнан Мәскеудегі допингке қарсы зертхана деректерінің растығын тексеру кезінде жұмсаған шығындарын жабу үшін 1,27 миллион доллар төлеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×